Біздің мектепке бүгін белгілі театр және кино актері Ербол Мағзомұлы Есендосов арнайы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Ербол ағамыз — театр сахнасында және кинода өзіндік орны бар әртіс, дубляж өнерінде де белсенді еңбек етіп келе жатқан тұлға. Ербол ағамыз өзінің сахнадағы және экрандағы тәжірибесі туралы айтып берді, өнер жолы мен актерлік шеберлікке деген көзқарасын бөлісті. Оқушыларымыз белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап алды. Бұл кездесу — шынайы шығармашылық рух, шабыт пен білімге деген ынтаны арттырған ерекше оқиға болды! BINOM SCHOOL-де өнер мен руханият бірігеді!