
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде ерекше апталықтың шымылдығы түрілді.
Бұл – әрбір оқушы мен мұғалімнің өзінің жыл бойғы жетістіктерін саралап, жаңа мақсаттар қоюына арналған маңызды кезең. «Өзін-өзі бағалау апталығы» жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл апталық – бір оқу жылы бойы ұстаздар мен оқушылардың жүйелі еңбегінің қорытындысын көрсететін, жеткен жетістіктерін саралайтын маңызды кезең.
Апталық аясында:
— Әрбір пән мұғалімі өз пәні бойынша жетістіктерді, оқушылардың ілгерілеуін, шығармашылық жобаларын ұсынды;
— Оқушылардың білім жолындағы ізденістері, зерттеу жұмыстары мен бастамалары көрмелер мен презентациялар арқылы таныстырылды;
— Мектептің бірлестік жұмыстары мен әдістемелік жобалар бойынша жетістіктері паш етілді.
Бұл апталық — ұжымдық еңбектің, кәсібиліктің және шығармашылық ізденістің жарқын көрінісі. BINOM мектебі үшін бұл тек нәтижені көрсету ғана емес, сонымен қатар ұстаздар мен оқушылар еңбегінің қадірін арттыру, білім сапасына деген жауапкершілікті нығайту.
Бір жылдық еңбек — бір апталық қорытынды!
Жетістікті бірге бағалап, келесі белеске бірге қадам басайық!
https://www.instagram.com/reel/DJoIfbUpoJ0/?igsh=NTJ6bTQ1NzBqOHll