Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде үздік білім мен табандылықты дәріптеу – басты құндылықтардың бірі.

Бүгін мектебіміздің 5-сынып оқушыларына оқу жылы бойындағы үлгілі тәртібі, белсенділігі және үздік оқу нәтижелері үшін салтанатты түрде мақтау қағаздары табысталды!

Бұл марапат – олардың білімге деген ынтасының, қажырлы еңбегі мен ұстаздарының бағыт-бағдарының нәтижесі.
Жетістіктерің – тек бастамасы, алда бұдан да биік белестер күтіп тұр!

Құттықтаймыз, 5-сынып үздіктері!
Білім жолындағы жарқын қадамдарыңыз нық әрі сенімді болсын!

https://www.instagram.com/reel/DKMm-uTpoch/?igsh=MWV1M2k3MWUxYmRmaQ%3D%3D