Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі желісінің құрылтайшысы ТОО «BINOM EDUCATION» мен Q Multidisciplinary College Konaev арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл келісімнің негізгі мақсаты – болашақ педагог мамандарын қолдау, студенттердің педагогикалық практикадан өтуіне, тағылымдамадан өтуіне және жұмысқа орналасуына жағдай жасау.
Меморандум аясында:
– студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсетіледі;
– педагогикалық практика мен тағылымдамалар ұйымдастырылады;
– «BINOM стажер» бағдарламасы, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, ашық есік күндері және кәсіби кездесулер өткізіледі;
– білім беру саласындағы тәжірибе мен ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
Бұл серіктестік – сапалы білім беру мен білікті педагог кадрларды даярлауға бағытталған маңызды қадам. Бірлескен жұмыс арқылы жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашылып, білім беру жүйесінің дамуына үлес қосылады.
BINOM – болашаққа бірге қадам!
