02.06.2025 күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде ерекше рух пен сергектікті насихаттайтын “Baitursyn Camp Champions” спорттық лагерьінің ашылу салтанаты өтті!

ОЛИМПИАДА АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

Футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен өтетін жарыстар алдағы екі апта бойы жалғасады. Ең мықтылар “BI Education Cup” чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленеді!

Бұл тек жарыс емес – бұл бірлік, батылдық, достық пен жеңіске деген құштарлық мерекесі!
“Салауатты өмір салты – біздің таңдауымыз!” деген ұранмен өткен шарада балалар өздерінің топтық рухын, спорттық қабілетін, ерік-жігерін паш етті.

Жеңімпаздар кубоктар мен марапаттармен марапатталады.
Ал нағыз чемпион – ұмытылмас эмоция мен өмірлік мотивацияға ие болады!

Baitursyn Camp Champions – мықтыларды біріктіретін жазғы алаң!
Алға, Биномдықтар!

https://www.instagram.com/reel/DKbyON4ppoC/?igsh=aHZtbDUydXVnc2U%3D