Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде оқу жылының ең жарқын, ең әсерлі шараларының бірі – BINOM AWARDS салтанатты марапаттау кеші өтті!
Бұл кеш – жай ғана марапат емес. Бұл – талантқа, еңбекке, табандылыққа, шығармашылыққа және көшбасшылыққа жасалған тағзым!
BINOM AWARDS аясында мектептің түрлі бағытта көзге түскен, биіктерді бағындырған, белсенділік танытқан оқушылары мен олардың жетекшілері арнайы номинациялар бойынша марапатталды:
Ғылым мен зерттеу
Өнер мен шығармашылық
⚽ Спорт пен белсенді өмір салты
Үздік жетекші ұстаздар
Академиялық жетістік иегерлері
Мектеп өмірінің жарқын жұлдыздары және басқа да көптеген номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
Бұл кеш — жетістікке шабыттандыратын, оқушыларға мотивация сыйлайтын, ұстаз еңбегін ұлықтайтын үлкен платформа болды.
BINOM AWARDS – тек марапат емес, бұл – жетістікке бастар жолдағы сенім мен мақтаныш!
Құттықтаймыз, BINOM батырлары! Алда әлі де асар асуларың көп болсын!