17 мамыр күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған маңызды шара — форум өтті.

Форумның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізу жолдарын қарастыру болды.

Шараға түрлі сала мамандары, қоғам белсенділері мен спикерлер шақырылып, тәжірибе бөлісті:

Жанерке Марғұланқызы – «Дебат елі» пікірсайыс клубының негізін қалаушы
Айбек Ербуланович – практик-психолог
Назгүл Мақжан – Астана қаласы әкімдігі жанындағы комиссия төрағасының орынбасары
Назым Жангазинова – ҚР Президенті жанындағы комиссия мүшесі, тележүргізуші
Нұрлан Имамғалиев – Білім-Инновация Қоғамдық Қорының бөлім меңгерушісі
Мақсұтбек Айтмағанбет – «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы
Дәулет Нұрболатұлы – спорттық білім беру және коучинг маманы
Форум модераторы — тележүргізуші, қоғам белсендісі Мөлдір Әбдірайым болды.
Қатысушылар мазмұнды диалог құрып, пайдалы кеңестер алды. Жазғы демалысты жоспарлауға бағытталған бұл форум ата-аналар үшін тиімді әрі өзекті шара болды!

https://www.instagram.com/reel/DJxHdrjMpii/?igsh=dWZmcHV4czRubTkz