1 Наурыз – Алғыс айту күні! ✨

Алғыс айту күні – мейірімділік пен ризашылықтың символы. Бұл мереке жақсылық жасаған жандарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалауға мүмкіндік береді.

Осыған орай, Павлодар Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі бойынша, мектебіміздің тазалығы мен тәртібін сақтап, техникалық жабдықтарды реттеп, асханамызды дәмді тағамдармен қамтамасыз етіп жүрген аға-әпкелерімізге шынайы алғысымызды білдірдік. Олардың еңбегі – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі, білім алушылар мен ұстаздар үшін қолайлы орта қалыптастырудағы маңызды үлес.

Мектеп парламенті мүшелері, 6-сынып оқушылары және ұстаздар қауымы бірлесіп, осы ардақты жандарға құрмет көрсетіп, ризашылық белгісі ретінде ақ раушан гүлдерін сыйлады.

Осындай игі істер қоғамдағы бірлік пен сыйластықты арттырады. Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат және еңбектеріңізге табыс тілейміз!