27.02.2025 күні мектебімізге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL-ге ADA University өкілі, қабылдау комиссиясының кеңесшісі Elshad Goyushov келді. Ол 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, жоғары білім алу мүмкіндіктері, ADA University-ге түсу шарттары және халықаралық білім беру перспективалары туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.
Оқушылар университетке түсуге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, профессордан құнды кеңестер алды. Бұл кездесу түлектеріміздің болашақ мамандықтарын таңдауда үлкен көмек болды.
Осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!